СПОРТ САЛАСЫНА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАНЫ ҮШІН «60 ЖЫЛ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
2014 жылдың желтоқсан айының 25-не Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына 60 жыл толу мерейтойына қатысты өткізілген іс-шараға Қызылорда қаласының № 2 сотының төрағасы С.Сүлеймен қатысып, Қармақшы ауданында әкесі Болатбек Сүлейменовтің атындағы дзюдо күресін жастар арасындағы халықаралық турнирді 14 жыл өткізгені және Шиелі ауданында М.Шоқай атындағы жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ашылып, ізге түсуіне, спорт саласына өзінің елеулі үлесін қосқаны үшін «60 жыл» медалімен марапатталды.
Болатбек Сүлейменов қасиетті Қармақшы елінің төл перзенті, аймақ экономикасын нығайтуға өзінің сүбелі үлесін қосып, ел алғысына бөленген атпал азаматтардың бірі «Қармақшы ауданының құрметті азаматы». Сонымен қатар, ол кісі Сыр бойы мәдениетін, оның ішінде жыраулық, ат сейістік, палуандық өнерді қайта жанданып, өркендеуіне ат салысты.
Жақсының аты өшпейді демекші Болатбек Сүлейменұлы атында 14 жылдан бері дзюдо күресінен жасөспірімдер, кейіннен жастар арасында республикалық ашық турнир ұйымдастырылып келеді. Оған еліміздің барлық облыстарының дзюдошылары жас татами шеберлері қатысуда. Аталмыш жарысқа тек еліміздің ғана емес көршілес Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінің дзюдошылары қатысып, халықаралық деңгейде өткізіліп келеді.
Қызылорда қалалық №2 сотының баспасөз қызметі