"AQ BULAQ" АРМАНДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КӨМЕКТЕСЕДІ
Бүгін екі күнге созылған қалалық теннистік турнир өз мəресіне жетті. Турнир "Ag bulaq" оқу орталығы мен теннис мектебінің жаттықтырушысы Генадий Кимнің йымдастыруымен өтті. Түрлі жас санаттары арасында өткен жарысқа 27 жасөспірім қатысты.
Жарыстың алғашқы күніндегі қорытындысы бойынша ұлдар арасында жеңіске жеткендер: Никита Ким (1 орын), Арслан Айдархан (2 орын), Савелий Ламанов (3 орын). Қыздар арасында Əлия Тобасова (1 орын), Юлия Ким (2 орын), Жəния Тобашева мен Диана Ким (3 орын) жеңіс тұғырынан көрінді.
Жарыстың екінші күнінде ұлдар арасында Бағдəулет Мейрамбек (1 орын), Диас Темірбек (2 орын), Агзам Марат (3 орын) жеңіске жетті. Ал қыздар арасында Фарида Сұлтан (1 орын), Жұлдыз Камалханова (2 орын), Юлия Ким (3 орын) жеңген болатын.
Ұйымдастырушылар жарыс қатысушылары жəне көрермендерін спорттық сайыстың өтуімен құттықтап, жеңімпаздар мен қатысушыларға естелік сыйлықтар, дипломдар табыстады. Ойын барысында ойлау қабілетін қоса арттыратын теннис спорттық турнирі жас спортшыларға көптеген оң эмоция сыйлап қана қоймай, қайталанбас əсер қалдыра отырып, осындай жарыстарға қатысуда тəжірибе жинақтауға үлкен мүмкіндік берді.