САЛАУАТТЫ ОТБАСЫ – САЛАУАТТЫ ҰЛТ

Жанына спортты серік еткен қатысушылар эстафетаның 6 түрі бойынша сынға түсті. Атап айтқанда, белгіленген жерге дейін эстафеталық таяқшамен жүгіріп келу, шығыршықпен кедергілер арқылы бір-бірін тасымалдау, баскетбол добын белгіленген нүктеге дейін жеткізу, кеглилерді жинап жүгіру секілді тапсырмаларды орындаған командалар сайыстың тартысты әрі қызықты өтуіне ат салысты. Барлық қатысушылар шапшаңдықтарын таныта отырып, эстафеталық кезеңдерді алғашқы болып орындауға тырысты. Дегенмен шешуші кезең – арқан тартыста қай команданың ойыншылары мықты екені дәлелденді. Өзгелерден жоғары ұпай санын жинаған 7 «F» сыныбының командасы эстафетаның қорытындысы бойынша 1-орынға лайық деп танылса, 7 «С» сыныбының командасы 2-орынды және 7 «B» сыныбының ойыншылары 3- орынды иеленді.
Барлық жеңімпаз командалар мен жарыста белсенділік танытқан командалар мектеп директорының арнайы Диплом және Алғыс хатымен марапатталды.
Осылайша мектепте салауатты өмір салты кеңінен насихатталып, ата-анамен жұмыс жандандырылды және спорттық жарыстар арқылы оқушы–ата-ана–куратор арасында байланыс күшейіп, сыныптар арасында достық қарым-қатынас біршама арта түсті.
Айта кетейік, Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларының ата-аналары мектеппен тығыз жұмыс жасайды. Үнемі мәдени, спорттық шараларда белсенділік танытады және оқу сабақтарына қатысып, мектептің оқу бағдарламасының ерекшеліктерін және білім берудің сапасын бақылауға мүмкіндіктерінің барын көрсетіп отырады.


