ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ƏКІМІНІҢ КУБОГЫ
Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай БАҚ қызметкерлерінің арасында шағын футболдан республикалық турнирі ұйымдастырылды. Жарысқа журналистер арасынан құралған Оралдан "Жайық", Астанадан "Хабар", "Sport-59", Талдықорғаннан "BAQ JETISU", Тараздан "Taraz press", "Jambyl медиа", Түркістаннан "Рейтинг", Қызылордадан "Сыр медиа", "Қаламгер", "Qyzylordatv" командалары, барлығы 12 команда бақтарын сынады. Əріптестік кездесу тартысты өтті.
Қызылорда облысы әкімінің кубогін Онтүстік Қазақстан облысынан келген "Ернияз Медиа" командасы иемденді. Ал екінші орын "Тараз Пресс" командасына бұйырды. Үздік үштіктен "Хабар Астана" құрамасы көрінді.
Сондай-ақ ойында үздік өнер көрсеткені кейбір аяқ доп шеберлері түрлі номинациялармен марапатталды.