ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ
Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылында қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы аудандық ашық біріншілік өз мәресіне жетті.
Жарыстың негізгі мақсаты – Қармақшы өңірінде қазақ күресін дамыту, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спорттық шеберлігін шыңдау, Елші-Таңатар бабаны еске алу болып табылады.
Жарысқа аудандағы 8 елді мекеннен ( Дүр Оңғар, ІІІ Интернационал, Ақжар, Ақтөбе, Алдашбай ахун, Қуаңдария, Тұрмағамбет және Көмекбаев ауылдарынан) 53 спортшы қатысты.
Қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы аудандық ашық біріншіліктің қорытындысы бойынша 29 кг салмақта Тұрмағамбет ауылынан қатысқан Б.Мұратұлы, 32 кг салмақ дәрежесі бойынша Алдашбай ахун ауылынан қатысқан М.Жақсылық, 35 кг салмақ дәрежесінде Ақжар ауылынан қатысқан Е.Құдабаев, 38 кг салмақ дәрежесі бойынша М.Бердіғұл, 42 кг салмақ дәрежесі бойынша Е.Мұхамбетқали 1 орындарды иеленді.