200 –ДЕН АСТАМ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ВЕЛОШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насиғаттауға бағытталған игілікті шаралардың бастауы ретінде Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейлі мерекесіне арнайы ұйымдастырылған велошеруге 200-ден астам жерлестеріміз белсенді атсалысты.
Олардың арасында кәсіпқой вело спортшылармен қатар, жастар, белсенді азаматтар, кәсіпкерлер мен түрлі саланың қызметкерлері секілді ең жасы 7 жастан бастап 70 жастан асқан әуесқой спортшылар қатысты.
Велошеруге арнайы қатысқан қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов қатысушыларға сәттілік тілеп, сүйікті қаламыз Қызылорданың 200 жылдығымен құттықтады.
«Сыр Ана» монументінен бастап ұзақтығы 10 шақырымға созылған бұл шеру, орталық стадионда қорытыланды.
Салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұтқан шараның барлық қатысушыларына ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар мен ең үздік нәтиже көрсеткен жерлестерімізге сыйлықтар табысталды.