"АҚТӨБЕ" ФК ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ ҮШIНШI РАУНДЫНДА ҚАРСЫЛАСТАРЫМЕН ТЕҢ ТҮСТІ
Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы «Ақтөбе» футбол клубы Чемпиондар лигасының үшiншi раундында румыниялық «Стяуамен» 2:2 есебiмен тең түстi.
Ақтөбе алаңында өткен матчты қазақстандық команда белсендi бастаған болатын. Алайда сәттiлiк «Стяуаға» серiк болды.
Қарсыластардың шабуылдарының бiрiнде Сидельников қателiкке бой алдырып, қонақтар есептi ашты. Гол авторы - Кешеру.
Екiншi таймда Коробкин бұрыштамадан берiлген пасты ұтымды пайдаланып, есептi теңестiре алды. Бiрақ ақтөбелiк жанкүйерлердiң қуанышы көпке созылмады. Алыстан шiрене тебiлген доп қорғаушылардың бiрiне серпiлiп, қақпада тулап сала бердi.
Көп күш жұмсамай екi соққы жасап, екеуiн де голға айналдырған қонақтар осымен жеңiс еншiмiзде деп ойласа керек, мығым қорғанысқа көштi. Алайда «Ақтөбе» футболшысы Арзуманян соңғы минуттарда гол салып, жергiлiктi команданы жеңiлiстен сақтап қалды.