ӘЛІ ТАЛАЙ БИІКТЕРДІ БАҒЫНДЫРАМЫЗ - ИЛЬЯ ИЛЬИН БІРНЕШЕ ЖЫЛДЫҚ ҮЗІЛІСТЕН КЕЙІН
Бірнеше жыл үзілістен кейін дәл бүгін Қазақстан чемпионатында тұғырға көтерілген әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин жанкүйерлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Міне, менің көптен күткен алтын медалім. Бүгін мен оны ұтып алдым. Маған қолдау білдіріп келе жатқан, маған әрдайым сәттілік тілеген, қасымда болған барлық достарыма рахмет айтқым келеді. Мен Сіздерге зор алғысымды білдіремін. Бұл-біздің барлығымыздың ортақ жеңісіміз. Бұл біздің жетістіктеріміздің басы ғана деп ойлаймын. Бұдан да зор медальдар болады. Не айтқым келді? Бүгін менің алғашқы стартым. Мен оралдым. Енді ары қарай жұмысты жалғастыра береміз. Ары қарай Әлем чемпионаты содан кейінгі мақсат - әрине, Олимпиада ойындары. Қымбатта достарым, Сіздердің барлықтарыңызға тағы зор алғысымды айтамын. Барлықтарыңызды жақсы көремін», - деді Фейсбуктегі «Қызықты студия» тобында тараған видежолдауда Илья Ильин.
Еске сала кетсек, қазақстандық зілтемірші, Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин бүгін 2018 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанған болатын. Ильин 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Талдықорғанда өткен ел біріншілігін жеңіп алды. Ильин 172+208 келі зілтемірлерді жұлқи көтеруден Әлішер Оразбек пен Елдар Сембаевты артқа тастап, ең жоғары нәтиже көрсетті.