ҚЫЗЫЛОРДАДА МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан ел біріншілігі басталды. Чемпионатқа Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 6 команда, 60-қа жуық спортшы қысқа және еркін бағдарламалар бойынша өнер көрсетеді. Біріншіліктің ашылу салтанатына облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысты.
– Мәнерлеп сырғанаудан ел біріншілігі Сыр өңірінде тұңғыш рет өткізіліп отыр. Мұндай жарыстар жастарды қысқы спортқа деген қызығушылығын арттырса, спортшылардың шеберлігін шыңдауға мол мүмкіндік, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Жарысқа 22 жасқа дейінгі спортшылар бақ сынауда. Айта кетейік, чемпионатқа екі мәрте Олимпада ойындарының қатысушысы Абзал Рақымғалиев пен Бүкіләлемдік Гран-при додаларының күміс және қола жүлдегері, халықаралық турнирлердің чемпионы Элизабет Тұрсынбаевалар өнер көрсетті.
Жарысқа халықаралық дәрежедегі төреші Юрий Гуськов, ресейлік Алексей Губанов секілді білікті мамандар қазылық етуде. Жеңіспаздар мен жүлдегерлер ертең белгілі болады.