ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ПАЛУАН ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Жаңақорғандық жас палуан Рахманберді Әбдірашит Ресейдің Қазан қаласында өткен Белбеу күресінен әлем чемпионатында 65 келі салмақта алтын медаль иеленді. Әлемнің 22 мемлекетінен келген палуандардың белдесуінде Рахманберді ақтық сында ресейлік спортшының жауырынын жер иіскетіп, жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі. Оның алғашқы бапкері Е.Исабаев та шәкіртінің жеңіспен оралатындығына сенімді болғанын айтады.
«Еліміз бойынша барған 10-ға жуық спортшының арасынан жалғыз алтынды иеленген Рахманберді Тәуелсіздік күніне тамаша тарту жасады. Өйткені, бұл дүбірлі дода желтоқсан айының 13-16 күні аралығында өткен болатын», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Рахманберді Әбдірашит бүгінгі таңда облыс орталығындағы Абылай хан атындағы колледждің 1-курс студенті. Рахманберді қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы бапкері Б.Қасымбековтың жетекшілігінде жаттығуда.
Шынар БЕКБАН