САУЛЬ АЛЬВАРЕС: ГОЛОВКИНМЕН ШАРШЫ АЛАҢДА КЕЗДЕСКІМ КЕЛЕДІ
Бірінші орта салмақта әлемнің экс-чемпионы 24 жастағы мексикалық Сауль «Канело» Альварес осы жолы да орта салмақтағы WBA чемпионы Геннадий Головкинмен кездескісі келетінін мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
GGG-дің ВКонтактедегі ресми парақшасында хабарланғандай, Альварес бұдан бұрын Головкинмен жаттығу залдарында қолғап түйістірген екен.
«Головкин өте мықты боксшы, - деп келтіреді Альварестің сөзін - BoxingScene.com. – Қазір бүкіл әлем боксшылары онымен бетпе-бет келуге қорқақтап отыр, өйткені ол өзінің жекпе-жектерін нокаутпен аяқтайды үнемі. Алайда сіздер оның кімді сұлатып, нокаутқа түсіргеніне мән берулеріңіз керек».
«Оның керемет былғары қолғап шебері екені даусыз. Мен онымен жаттығу кездерінде кездескенмін, ол өте мықты. Енді онымен шаршы алаңда жұдырықтасқым келеді», - дейді Альварес.
Айта кетсек, қазір Альварес пен орта салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы 34 жастағы пуэрторикалық Мигель Котто арасында жекпе-жек ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүріп жатыр. 2 мамырға жоспарланған кездесуді HBO PPV телеарнасы таратпақ.