ШИЕЛІЛІК ПАЛУАНДАР КӨШ БАСТАДЫ
«Күш атасын танымас» - деген дана сөзін Шиелі ауданы, Алмалы ауылының балуандары ту етіп келеді. Қазіргі таңда ауыл спорты бір жүйеге келіп, спорт нұсқаушысы Әлшағыр Түменов балаларды баулып қана қоймай, өзі демеушілік етіп келеді. Бүгінде топ бапкері Қайрат Әбжамаловтың шәкірттері топтық есеп бойынша 1 орында келеді. Байқоңыр қаласында өткен облыстық «Қазақтың ұлттық жекпе – жегі» турнирінде Шиелі ауданының намысын қорғап, Алмалы ауылының арландары өз ептіліктерін танытып жүлдемен оралды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Әрбір топ мүшелері өз салмақтарында сайысып, Ғани Әділсерік, Ерасыл Әлматов, Қанат Жақсылық, Әбдірәсіл Махмудкәрім, Бегзатхан Пірәлиев, Бақтияр Мұхамедияровтар намысты қолдан бермей 1 орынға ие болып, алтыннан алқа тақты. Жүлделі 3 орынды иеленген қола медаль иелері Ақниет Мұхамедияров, Құрманай Нұрбектердің жеңістерімен жалпы командалық есепте Алмалылықтар 1 орынға шықты.
Шынар БЕКБАН