14 ЖАСАР ТҰРСЫНБАЕВА ГЕРМАНИЯДАН АЛТЫН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
14 жасар қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Германияның Дортмунт қаласында өткен NRW Trophy 2014 халықаралық турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Bnews.kz.
Тұрсынбаева қысқа жаттығудан кейін-ақ 58,72 ұпаймен көш бастаған болатын. Одан кейінгі орындарға 49,69 ұпаймен германиялық Леа Йостина Дастич, 45,93 ұпаймен литвалық Дейманте Казалайте жайғасты. Отандасымыз күрделі жаттығуда да өзге қарсыластарынан оқ бойы озып шығып, 117,4 ұпай иеленді. Ал қорытынды есепте 176,12 ұпай жинап, тұғыр биігінен көрінді. Екінші фин атлеті Йдрвенпдке (141,21) бұйырды, ал Германияның намысын қорғаған Леа Йостина Дастич (133,26) үшінші орынды місе тұтты.
Естеріңізде болса, Элизабет Тұрсынбаева Италияда өткен Merano Cup халықаралық турнирінде алтыннан алқа таққан болатын. Қазір ол әйгілі канадалық маман Брайан Орсердің қол астында жаттығу жасап жүр.