ҚЫЗЫЛОРДАДА СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Бүгін Тұңғыш Президент күніне орай жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасындағы облыстық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Н.Әлібаев қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
- Студенттер – ұлтымыздың болашақ зияткерлік элитасы, егеменді еліміздің ертеңі, Елбасынан бастау алған Нұрлы жолды жалғастырушылар. Бұл спартакиада достық пен бірліктің мерекесі болса, екінші жағынан бұқаралық спортты дамытудың ерекше тәсілі, - деді облыс әкімінің орынбасары Н.Әлібаев.
Биыл бірінші рет ұйымдастырылып отырған спартакиада мыңға жуық студент баскетбол, волейбол, шағын футбол, дойбы, тоғызқұмалақ, арқан тарту, үстел теннисі секілді 7 спорт түрі бойынша сынға түседі. Жарыс сегіз күнге созылады.