АУЫРАТЛЕТТЕРГЕ ҚАРЖЫЛЫҚ СЫЙАҚЫ БЕРІЛДІ
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы мен Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт минстрлігі ауыр атлетикадан әлем чемпионатында жеңімпаз атанған және жүлдегер болған спортшылар мен олардың бапкерлерін марапаттады, деп хабарлайды Baq.kz.
Аталған іс-шараға Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының президенті Тимур Құлыбаев, мәдениет және спорт минстрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ауыр атлетика федерациясының президент Жанат Түсіпбеков және тағы басшылар қатысты.
Төртінші мәрте әлем чемпионы атанған Илья Ильин, алғаш рет әлемдік сында топ жарған Жасұлан Қыдырбаев және Зульфия Чиншанло үшеуіне 15 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілді. Бұдан бөлек Илья мен Зульфия рекорд жаңартқандары үшін 5 және 3 мың доллар қосымша сыйақы алды.
Ал, күміс жүлдегер Владимир Седов пен Жазира Жаппарқұлға 7 мың доллардан берілді. Чемпион атанған спортшылардың жеке бапкерлері Виктор Ни, Тойшан Бектеміров, Ержас Болтаевқа 10 мың доллардың сертификаты табысталса, күміс жүлде алған спортшылардың бапкерлеріне 5 мың доллардан берілді.
Сондай-ақ, құрама бапкері Алексей Ни мен кеңесші Энвер Түркелери, мемлекеттік жаттықтырушы Мендіхан Тәпсір, аға бапкер Вилорий Пак және көмекшілер жеке марапатталды. Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облысының спорт басқармалары чемпион спортшыларды дайындағандары үшін алғыс хатқа ие болды.
Алғаш рет әлем чемпионатында жүлдеге іліккен Жасұлан Қыдырбаев пен Жазира Жаппарқұлға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағы берілді.