ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ГАНДБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Қазалы ауданында қыздар арасында гандболдан облыстық турнир аяқталды. Аталмыш турнир ҚР Гандбол федерациясы президенті Кубогының жүлдесіне биыл бірінші мәрте ұйымдастырылды.
Жарыстың салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасы гандбол федерациясының президенті, Азия федерациясы кеңесінің мүшесі Гүлнар Тұрлыханова қатысты.
Гандболдан облыстық турнирге Қызылорда облысының барлық аудандарынан 8 команда бақ сынады.
Үш күнге созылған тартысты ойынның нәтижесі бойынша Қазалы ауданының командасы көш бастады. Екінші орынды Сырдария ауданы иеленсе, үшінші орын Жаңақорған ауданының командасына бұйырды. Жеңімпаз және жүлдегер командаларға кубок пен грамоталар табысталды.
Айта кетейік, гандболды дамыту мақсатында биылдан бастап Қызылорда облысында төрт кезеңнен тұратын облыстық чемпионат өткізілген. Алдағы уақытта бұл чемпионат дәстүрге айналып, жыл сайын аудан орталықтарында өткізілетін болады.