«ЕУРАЗИЯ БАРЫСЫ» ДОДАСЫНДА МОҢҒОЛИЯ ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
«Тараз-Аренада» өткен ІІ «Еуразия барысы» халықаралық турнирі аяқталды. Тура жеті сағатқа созылған белдесулерде ешкімге дес бермеген Моңғолия балуандары «Еуразия барысы» атағын жеңіп алды, деп хабарлайды BNews.kzі.
Алдымен боз кілемге шыққан Абзал Арыстанбеков Хэрлэн Ганболдтан жеңіліп қалды. 72 келі салмақта күрескен Қайрат Ағыбаевты Хашбататар Цагаанбаатыр 2:0 есебімен жеңді. 80 келі салмақта Дәулетқан Жақыповтың орнына шыққан Бегімхан Әділбеков Хэрлэн Ганболдтан жеңіліп қалды.
Келесі болып боз кілемге көтерілген қазақ балуаны Мұхит Тұрсынов қарсыласы Цогтгэрэл Хугятпен тартысты белдесу өткізгенімен, моңғол балуаны басымдық танытты. Ең ауыр салмақта күрескен Айбек Нұғымаров пен Болдпурэв Сугаржаргалдың белдесуі жарыстың нүктесін қойды. Ең айта кетерлігі, Айбек жарыстың ең ауыр балуаны, 205 салмақтағы Болдпурэв Сугаржаргалды жеңді.
Осылайша, Моңғолия балуандары 4:1 есебімен жерлестерімізден басым түсіп, «Еуразия барысы» атағын елеріне алып кететін болды.