АТА-АНАЛАР СПОРТТЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫСҚА ТҮСТІ
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында №9 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында спорттық жарыс өтті.
Үстел теннисі, шахмат, волейбол сынды спорт түрлерінен өткен жарыста Шымкент, Кентау, Тараз және Қызылорда қалаларындағы қазақ-түрік лицейлері оқуышарының ата-аналарынан құралған командалар бақтарын сынады. Мерекелік жарысқа ата-аналар жоғары белсенділікпен қатысты. Спортшылар шеберліктерін үстел теннисі тақтасының үстінде сарапқа салып, жанкүйерлерді әдемі ойын өрнектерімен қуантты.
Жарыс қорытындысында әйелдер арасында үстел теннисінен Гүлнар Талапбаева - І орын, шахматтан І – орынды Гауһар Достановалар жеңіп алды. Жеңімпаз атанған ата-аналар дипломмен марапатталды.