АЛМАТЫДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 15 РЕКОРД ЖАҢАРДЫ
Қазақстанда өткен ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында 15 рекорд жаңарды, оның 11-і ересектер арасында. Олардың әрқайсысы адам мүмкіндігінің шексіз екенін дәлелдеп, Ауыр атлетика әлемінде тарихына жазылды.
Көп рекорд өзінің авторымен жаңарды. Мысалы, Татьяна Каширина 75 келі салмақта бақ сынап, 5 әлем рекордын жаңартты. Кейбіреуі көптеген жылдар бойы жаңармаған еді. Мысалы, 69 келі салмақта Әлем чемпионы атанған қытайлық Ляо Хуэй жұлқа көтеруде 14 жыл бұрын, яғни 2000 жылы болгариялық Георгий Марков орнатқан рекорды жаңартты.
Алматыда өткен Әлем чемпионаты ұйымдастыру жағынан да жоғары дәрежеде өтті. Қазақстанға 72 елден 538 спортшы жиналған еді.
Медаль саны бойынша әйелдер арасында Қытай құрамасы 6 «алтын», 6 «күміс» пен 6 «қола» иеленіп, бірінші орынға шықты. Ал, Солтүстік Кореядан келген спортшылар 6-3-2 нәтижесімен екінші орында болса, 4-2-3 медаль жинаған Ресей құрамасы үштікті түйіндеді. Қазақстан құрамасы 2 алтын, 4 күміс пен 1 қола жүлде жеңіп алып, жалпыкомандалық төртінші орынға тұрақтады.
Ерлер арасында 6 «алтын» мен 4 «қола» ұтқан Солтүстік Корея құрамасы бірінші, ал 5 алтын, 1 күміс пен 3 қола медаль иеленген қазақстандық зілтеміршілер екінші орын алды. Үшінші орында 3-6-5 нәтижесімен Қытай құрамасы.