ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА БЕС МӘРТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Италияда мәнерлеп сырғанаудан өткен «Кубок Мерано» халықаралық турнирінде жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаева бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқарасының баспасөз қызметі.
Аталған турнир 1997 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Өткен жылы аталмыш турнирге Қазақстаннан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қатысқан болатын. Биыл бұл турнирде қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева жастар арасында өнер көрсетіп, биылғы жылдың бесінші алтын медальіне қол жеткізді. Күміс жүлдені Франция cпортшысы иеленсе, қола жүлде неміс қызына бұйырды. Аталмыш додаға 9 елден 24 спортшы бақ сынады.
Енді Элизабет үстіміздегі жылдың желтоқсан айының басында Будапеште болатын халықаралық турнирге және 20-21 желтоқсанда Қызылорда қаласында бірінші мәрте ұйымдастырылатын ҚР чемпионатына қатысады.
Айта кетейік, биылғы жылы Элизабет Жапонияда және Германияда өткен жастар Гран-при жарыстарының күміс және қола жүлдесін иеленген болатын.