ҚАЗАЛЫЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
Саламатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық дайындықтарын шыңдау, оқушылардың күзгі демалысын тиімді пайдалану және үздік командаларды анықтау мақсатында Қызылорда қаласында спорттың 5 түрінен мектеп оқушыларының облыстық күзгі спартакиадасы өткен болатын.
Спартакиаданың бағдарламасына сәйкес спорт түрлерінен Қазалы аудандық білім бөлімінің әдіскері Н.Жанарыстанның жетекшілігімен мектеп оқушылары футболдан ер балалар командасы мен қыз балалар командасы І орын, үстел теннисінен І орын, волейболдан ер балалар командасы ІІ орын және баскетболдан ер балалар ІІІ орын иемденді.
Облыстық күзгі спартакиаданың қорытындысымен Қазалы ауданының командасы жалпы командалық есепте І орынға шығып, аудан намысын көкке көтерді.