ИЛЬЯ ИЛЬИН ЖӘНЕ ТАҒЫ ЖЕТІ ЖЕҢІЛМЕЙТІН СПОРТШЫЛАР МЕН КОМАНДАЛАР
Алматыдағы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Илья Ильиннің кезекті салтанатымен аяқталды. Eurosport.ru жеңілмейтін атақты спортшыларды ұсынады.
Илья Ильин
Сенбі күні 26 жастағы атлет төртінші жеңісті әлем чемпионатын аяқтады және 105 келіге дейінгі тұңғыш жеңімпаз болды. Илья Қазақстанның бірден-бір екі дүркін Олимпиада чемпионы.
Бехдад Салими
2010 жылдан бері ирандық өзі қатысқан барлық ірі турнирлерде жеңіске жетті. Ол егер Иран ауыр атлетика федерациясымен кикілжіңі болмаса, үш мәрте әлем чемпионы болар еді.
Джон Джонс
UFC тарихындағы ең жас чемпион 21 жекпе-жегінің 20-сында жеңіп шықты. Оған рингте қарсыластары емес, Мэтта Хэмиллге қарсы шынтақпен тыйым алынған әдіс қолданғаны үшін төрешілер бірден-бір жеңілісті ұйғарды.
Кіші Флойд Мэйвезер
Флойд бес салмақ санатында сайысқа түсіп, оның барлығында да әлем чемпионы болды. Ол 47 жекпе-жек өткізді, оны бірде-бір боксшы жеңе алмады.
Рокки Марчиано
Марчианоның рекордын қайталау үшін Флойд енді екі рет жеңіске жетуі тиіс. 1947 жылдың наурызынан 1956 жылдың 21 қыркүйегіне дейін Рокки 49 сайыс өткізіп, оның алтауында ғана қарсыласын нокаутқа жібере алмады. Бірде ол жеңілістің сәл алдында ғана тұрді, бірақта 1950 жылы наурызда Рональдо Ластарцымен жекпе-жекте төрешілер жеңісті оған алып берді. Осының арқасында ол тарихта бірден-бір жеңілмеген ауыр салмақтағы бокшы атанды.
Майкл Джонсон
Әлемнің сегіз дүркін чемпионы және төрт дүркін Олимпиада жеңімпазы. Сиднейдегі 2000 жылғы Ойындардан кейін спорттан кетті. Джонсон өз мансабын бес алтын марапатпен аяқтады, бірақ та эстафетадағы соңғы медалін қайтаруға мәжбүр болды, сегіз жыл өткен соң оның құрамадағы әріптесі Антонио Петтигрю допингімен ұсталып қалғаны белгілі болды. Джонсонның 400 метрлік қашықтықтағы рекордына ешкім жете алмады, ал оның 200 метрлік қашықтықтағы көрсеткішін Усэйн Болт жаңартты.
Усэйн Болт
2007 жылғы Осакадағы күмістен кейін Ямайкадан шыққан спринт королі екі Олимпиада және үш әлем чемпинаты бойы жеңіліп көрген емес.
Баскетболдан АҚШ құрамасы
2006 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалындағы жеңіліспен сәтсіздік аяқталды. Содан бері америекандық команда қатарынан 63 матчта жеңіске жетті, оның ішінде 45 ойын ресми деңгейде өтті. Тіпті әлемдік біріншіліктерге жартылай резервтегі құрамдарын жіберсе де, АҚШ құрамасы барлық қарсыластарын тас-талқан етті. Ал Олимпиадалық турнирлер жөнінде айтудың өзі артық болар!