ӘЧ: ИЛЬЯ ИЛЬИН - ӘЛЕМНІҢ ТӨРТ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ!
Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем біріншілігінде төртінші дүркін әлем чемпионы атанды.
Қоссайыста қазақстандық атлет 432 ұпай жинап (190+142) алтын медальді былтырғы әлем чемпионы - өзбекстандық фаворит Руслан Нуриддиновтан (193+139) жұлып алып кетті десек артық болмас. Ильяның салмағы Нуриддиновтан аз болып шықты.
Үшінші орынды ресейлік спортшы Давид Бенджанян 427 ұпаймен (187+240) иеленді. Айта кету керек, бүгін 105 келі санатында ерлер арасындағы додада 4 рет әлем рекорды жаңарды.
Серпе көтеруде Нуриддинов Бенджанянның орнатқан рекордын 239 келіге жаңартса, іле-шала Бенджанян 240 келіні еңсеріп, ол рекордты қайта бұзды.
Әлем чемпиондарының қойған рекордын алаңға келесі шыққан Илья Ильин тас-талқан етіп, серпе көтеруде 242 келіні аспанға атты.
Сондай-ақ, Арменияның атынан шығып жатқан 17 жасар спортшы Симон Мартиросян болса жұлқа көтеруден 183 келіні көтеріп, жастар арасындағы әлем рекордын жаңартты.