ТҮРІК КОМПАНИЯЛАРЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СПОРТ ИНДУСТРИЯСЫНА 20 МЛН. ДОЛЛАР ИНВЕСТИЦИЯ ҚҰЯДЫ
Түркия Қазақстанның спорт индустриясының дамуына инвестиция құюға әзір. Бұл туралы Астанада «Қазспортинвест» АҚ ұйымдастырған Түркиядан келген әлеуетті инвесторлармен ресми кездесуде сөз болды, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Түркиядағы «Salcano» велосипедін шығаратын және «Inka Sportif» спорт киімін тігетін ірі компания Қазақстанда велосипед шығаратын фабрика ашуды жоспарлауда. Олар сонымен бірге спорт киімін тігуге және «Казспортинвест» АҚ базасында инновациялық технологияларды пайдаланып, оларды қамтамасыз ету бойынша фабриканы ашуға әзір», - делінген хабарламада.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғаны және жоғарыда көрсетілген инвестжобаларды іске асыруды бастау 2015 жылдың бірінші тоқсанына жоспарлағаны атап өтілді. Бұған 20 миллионға жуық АҚШ доллары тартылмақ.
Бұдан бұрын хабарланғандай, «Қазспортинвест» АҚ президенті Арнабол Бақыттың басшылығымен қазақстандық делегация Түркияға барды. Сапар барысында делегация Түрік Республикасының спорт индустриясының басшыларымен, бизнесмендерімен бірқатар келіссөздер жүргізіп, Қазақстанның спорт индустриясын дамытуға ірі компанияларды тарта білді.