СЕРІК ҚОНАҚБАЕВ АИБА ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР
Кореяның Чеджу қаласында Халықаралық бокс қауымдастығы өз жұмысын бастады. Оған барлық 198 ұлттық федерацияның өкілдері қатысуда, деп хабарлады ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен.
Федерация ақпаратына қарағанда, оның жұмысына қатысу үшін Чеджу қаласына АИБА вице-президенті, Қазақстанның бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев келеді деп күтілуде.
Конгресс барысында ұйымның президенті мен вице-президенттерін сайлау өтеді. Вице-президент лауазымына әрбір құрлық өз үміткерлерін ұсынады. Азиядан бұл лауазымға Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Серік Қонақбаев үміткер. Егер С.Қонақбаев сайлауда жеңіске жететін болса, онда Азия бокс федерациясына да басшылық жасайды.