АУЫР АТЛЕТИКАДАН ӘЧ-2014: КИРИЛЛ ПАВЛОВ ТӨРТІНШІ ОРЫН АЛДЫ
Ауыр атлетикадан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатының төртінші күнінде ерлер арасында 77 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен қазақстандық зілтемірші Кирилл Павлов төртінші орын иеленді, деп жазады «Алаш айнасы» интернет порталы.
Ерлер арасында 77 келіде сынға түскен отандасымыз бұл біріншілік барысында өзінің жеке рекордын орнатты. Жұлқа көтеруде Кирилл Павлов үш мүмкіндігін де қолданып, 150, 155, 157 келіні көтерді. Сөйтіп, бірінші жаттығуды ол алтыншы нәтижемен аяқтады. Жұлқа көтеруде албаниялық Даниел Годелли мен қытайлық Гуошин Жонг 171 келіні көтерген. Жеке салмақ бойынша албан спортшысы жеңіл болғандықтан ол кіші алтынды, ал қытайлық кіші күмісті иеленді. Кіші қола 163 келіні бағындырған Ким Квонг Сонгке (КХДР) бұйырды.
Серпе көтеруде Кирилл бірінші мүмкіндігінде 181 келіні оңай көтерді. Кейін 190 келіні, сосын 195 келіні бағындырды. Негізі, халықаралық ареналарда осы уақытқа дейін Павлов 195 келіні ешқашан көтермеген еді. Бұл біріншілік барысында ол өзінің жеке рекордын да орнатты.