"ЕУРАЗИЯ БАРЫСЫНА" 12 ЕЛДІҢ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ ҚАТЫСАДЫ
22 қарашада қазақ күресінен ірі деңгейдегі төртінші турнир өтеді. Маусым айының соңында қазақ күресінің маусымын "Қазақстан Барысы" секілді ірі мега жобасы бастап, одан кейін тұңғыш рет ұйымдастырылған "Әлем Барысы" халықаралық турнирі, содан соң "Жас Барыс" турнирі өткен еді, деп хабарлайды "Алаш айнасы".
Төртінші халықаралық жоба, яғни "Еуразия Барысы" турнирі екінші рет ұйымдастырылып, дүбірлі дода Балуан Шолақтың 150 жылдық мерейтойына арналып отыр.
Тараз қаласында өтетін "Eurasia Barysy" халықаралық турниріне 12 елдің атынан 60 балуан сынға түседі. Белдесулер командалық сын негізінде өтеді. Жанкүйерлер 60 келі, 70 келі, 80 келі, 90 келі және 90 келіден жоғары салмақ дәрежелеріндегі балуандардың белдесулерін тамашалайтын болады. Былтырғымен салыстырғанда, бұл жолы қатысатын елдер саны біршама көп екен. Толығырақ айтқанда, Ресей, Қытай, Түркия, Моңғолия, Әзірбайжан, Грузия, Украина, Польша, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан елінің ең үздік балуандары "Eurasia Barysy" атану үшін сынға түседі.
"Eurasia Barysy" турнирінің жалпы жүлде қоры – 100 мың АҚШ доллары шамасында. Жеңімпаздармен қатар жүлдеге іліккендер және алғаш сегіздікке енген құрама командаларға ақшаларға сыйақы беріледі.