ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БОКСШЫЛАР РЕСЕЙДЕН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
Ресей Федерациясының Саратов облысында бокстан Кеңес Одағының батыры Ф.Д.Глуховты еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтті. Жарысқа Ресей, Татарстан елдерінен 400-ден аса жас боксшылар қатысты. Турнирге Қазақстаннан барған былғары қолғап шеберлерінің қатарында Қызылордадан да боксшылар өнер көрсетті. Жарысқа барып-қайту жол шығындарына «Фрак Джет» компаниясы демеуші болды.
Аталған жарыста қызылордалықтар жоғарғы ойын өрнегін көрсетіп, алтын және күміс медальдармен елге оралды. Жеңімпаздар: Нұртуған Аханбек пен Азат Сәтенов. Мұнан басқа облыс құрамасынан қатысқан жас боксшылар Қанағат Жарқынбек, Жалғасбек Сұлтанбек және Али Айдар қола медальдарын қанжығаларына байлап қайтты.
Халықаралық жарысқа спортшыларымызды жаттықтырушы Руслан Жакияев дайындады.
Фариза ОМАРОВА