ГОЛОВКИН КЕЗЕКТІ РЕТ ЧЕМПИОНДЫҚ АТАҒЫН ҚОРҒАП ҚАЛДЫ
Орта салмақта WBA (Super) және IBO дәрежесіндегі әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен австралиялық боксшы Дэниэл Гил арасында өтетін жекпе-жекті бірнеше айдан бері жазып келе жатқанымызды білесіздер. Міне санаулы минуттар бұрын көптен күткен оқиға аяқталып, қазақ жұрты кезекті жеңісін тойлап жатыр.
Шаршы алаңдағы 30-кездесуінде жоғары деңгейде өнер көрсеткен жерлесіміз Геннадий қарсыласын небары 3-раундта нокаутпен ұтты. Алғашқы 2 раундта қанша қарсыласып баққанымен отандасымыз қарсыласын бет бақтырмай сабап, ара-арасында тынығып алуға мүмкіндік беріп отырды. 3-раундтың соңғы секундтарында құлақ шекеден тиген соққыдан есін жия алмаған Гил басын ерсілі-қарсылы шұлғуға ғана шамасы жетті. Бұл дегені – әріге шамамның жетпейді дегенінің белгісі болатын.
Сонымен, құрметті оқырмандар, айлап күткен жекпе-жегіміз бас-аяғы 10 минутқа жетпей аяқталып, қазақстандық боксшы өзінің чемпиондық атағын кезекті рет қорғап қалды.
Естеріңізге саламыз, қарағандылық боксшы бүгінге дейін кәсіби бокста 30 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның 27-сін нокаутпен аяқтады. Жеңіс құты болсын ағайын!