БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Бүгін Қызылордада 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында бокстан Қызылорда қаласы әкімінің жүлдесі үшін республикалық турнир басталды.
Жарысты ұйымдастырушылар Қызылорда қаласының әкімдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық бокс федерациясы.
Республикалық сайыстың ашылу салтанатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев және өңіріміздегі бокс ардагерлері сөз сөйледі. Олар балаларға рингте ымырасыз күрес болуына тілектестік білдірді.
Турнир 9 қарашаға дейін созылады. Онда Қазақстанның 11 облысынан барлығы 220 жас былғары қолғап иелері қатысып отыр. Бүгін ең аз салмақ дәрежесі бойынша балалар бақ сынасты.