«ОҚЖЕТПЕС» ПРЕМЬЕР-ЛИГАДА, «АҚЖАЙЫҚ» ҮМІТІН ҮЗДІ
Жексенбі күні футболдан бірінші лига клубтары арасында ел чемпионатының кезекті турында премьер-лигаға жолдама алған команда анықтады.
Көкшетаудың «Оқжетпесі» сырт алаңда көш соңында келе жатқан «Мақтааралды» күткендегідей, 2:0 есебімен ұтып (қос голды да соққан Әлібек Бөлешев), соңғы турдың нәтижесіне қарамастан, жоғары топқа берілер жолдаманы еншіледі. Ал бірінші лигада екінші орын алған клуб премьер-лигада он бірінші сатыға тұрақтаған командамен қосымша ойында күш сынасады. Осыған дейін екінші орыннан төрт бірдей команда үміткер болатын. Солардың екеуі Оралда жасыл алаңға шықты. Жергілікті «Ақжайық» елорданың «Астана-1964» командасына 0:1 есебімен жол беріп, премьер-лигадан біржола үмітін үзді. Бұл ойында қарсы шабуылға шығу тәсілін оңтайлы пайдаланған астаналықтардан қорғаушы Евгений Панащенко 43-минутта гол соғып кетті. Іле-шала алаң иелерінің шабуылшысы Алексей Мальцевтің қақпашымен жекедара шығып, соққан добын төреші ойыннан тыс қалды деген себеппен есептемей тастады. Бұдан кейін «Ақжайық» қаншама тырысқанмен, қонақтар қамалы алдырмады. Сөйтіп батысқазақстандықтар биыл алға қойған мақсат үдесінен шыға алмады. Маусымды сүреңсіз бастаған «Ақжайықтың» тізгінін кейін Сергей Волгин қолына алып, команда ойынына біраз өзгеріс енгізгенімен, көш басындағылар ақыры жеткізбеді.
Өз алаңында Өскеменнің «Востогын» 3:2 есебімен тізе бүктірген Шымкенттің «Қыраны» 57 ұпаймен екінші орында келеді. «Астана-1964» командасы мен Ақтаудың «Каспийі» 55 ұпай жинағанымен, доп айырмасы жағынан елордалықтар алда тұр. Яғни 8 қарашада өтетін соңғы турда «Астана-1964» өз алаңында «Қыранды» ұтса болды, екінші орынға көтеріледі. Шымкенттіктерге тең ойын нәтижесі жарап жатыр. Ал премьер-лига жолдамасын қазірдің өзінде иеленіп қойған «Оқжетпес» Көкшеде «Каспийді» сынап көрмек.