ФУТБОЛДАН II ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ АЯҚТАЛДЫ
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 14 маусым -18 қазан аралығында әр аптаның сенбі күндері Қызылорда, Байқоңыр қалаларында және аудан орталықтарында футболдан облыстық чемпионат өткізілді. Екінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа 10 команда қатысты.
Жарыстың мақсаты – Елбасының әр жылғы жолдауында атап көрсетілгендей бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, облыста футбол ойынын дамыту, облыс құрама командасын үздік ойыншылармен толықтырып, республикалық жарыстарға қатыстыру.
Жарыс бағдарламасына сәйкес 18 ойын өткізіліп, нәтижесінде қызылорданың «Байқоңыр» командасы 49 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Екінші орынға 43 ұпаймен «Сығанақ» командасы (Жаңақорған ауданы) ие болса, 41 ұпаймен үшінші орын «Алпамыс» командасына (Қызылорда қаласы) бұйырды. Төртінші орынды Қазалы ауданының «Жігер» командасы еншіледі.