ЕЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ПАРАОЙЫНДАРЫНДА 13 МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ
17-ші Азия параойындары қазақстандық спортшылар үшін табысты болды. Отандық атлеттер спорттық және командалық дайындығы мен кәсіби деңгейі жағынан жақсы нәтижелер көрсетті, деп хабарлайды BNews.kz Астана әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен параойындарында 24 медаль олжалап, Қытайда өткен ойындарға қарағанда үш есе артық жүлде (онда команда 7 медаль алған) иеленген. Пара ойындардың қорытындысы бойынша қазақстандық құрама жалпы командалық есепте 11-ші орын алды.
24 медальдің 13-і елордалық спортшылардың еншісінде. Атап айтқанда, бес алтын, бес күміс және үш қола жүлде. Спортшылар «Қайсар» спорт клубының тәрбиеленушілері.
«Қайсар» спорт клубы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған еліміздегі алғашқы арнайы клуб. Мекеме 12 жылдан бері мүгедектерді әлеуметтік бейімдеуге зор үлесін қосып келеді. Клубтың құрамына 13 спорт түрімен шұғылданатын 352 адам кіреді.