ЕРТЕҢ «ҚАЙСАР» «АСТАНАНЫ» ҚАБЫЛДАЙДЫ
Ертең, 29 сәуір сағат 16-00-де қаладағы Ғ. Мұратбаев атындағы Орталық стадионда футболдан Премьер-лигасы командалары арасында IX тур ойындары аясында «Қайсар» астаналық «Астананы» қабылдайды.
Осы күні сондай-ақ «Шахтер» — «Ордабасы», «Тобыл» — «Ертіс» , «Қайрат» — «Ақжайық», «Тараз» — «Атырау» және «Оқжетпес» — «Ақтөбе» командалары кездеседі.
Ал «Қайсар» - «Астана» матчының бас төрешісі болып Игорь Алешин (Павлодар) белгіленді. Статистикаға көз жүгітсек, осыған дейінгі 20 ойында (биылғы маусымнан бөлек) Алешин 72 сары және 2 қызыл карточка көрсеткен. Биыл ол «Ордабасы» — «Астана», «Қайрат» — «Ордабасы» және «Оқжетпес» — «Тобыл» арасындағы ойындарға төрелік етті. Бұл ойындарда ол ойыншыларға 10 мәрте ескерту берген.
И.Алешинге Сергей Васютин (Алматы) және Евгений Бельский (Тараз), матчтың резервтік төрешісі Серік Жаппасбаев (Қызылорда), қосымша ассисенттері Фуркат Атажанов (Шымкент) және Бағдат Абдуллаев (Қаратау) сынды мамандар көмектеседі.