ЕЛДОС ЕРМАХАНОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ
Киллин (АҚШ) қаласында зілтемірді жатып сығымдап көтеруден әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі бәсекеде 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Елдос Ермаханов 172,5 келі көтеріп, күміс жүлдені иеленді.
Елдос енді мамыр айында Литваның Каунас қаласында өтетін әлем чемпионатына облыс құрамасымен бірге дайындалады.
Осы жарысқа Роман Ковалев пен Бақытбек Рысбаев дайындаған Елдос халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бұған дейін 9 дүркін Қазақстан чемпионы, 2 дүркін Азия чемпионы, жастар арасында әлем чемпионы атанған.