МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
«Мұз айдыны» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының спортшылары қысқа және еркін бағдарламаларда жіктеу разрядтарына сәйкес элементтерді орындау бойынша бақ сынасты.
Сондай-ақ, облыста алғашқы рет «Көктем жұлдыздары» республикалық турнирі ел чемпионатымен қатар өткізілді. Жарыстарға 5-10 жас аралығындағы 100-ден аса мәнерлеп сырғанаушы қатысты.
Ел чемпионатының қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Оңтүстік Қазақстан облысының командасы көш бастады. Ақтөбе облысы – екінші, Алматы қаласы – үшінші орындарды иеленді.