МАРАТ САТЫБАЛДИЕВ ЖҮЛДЕСІН САРАПҚА САЛДЫ
Қызылорда қаласында 21-23 сәуір аралығында велоспорттан қазақтан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері Марат Сатыбалдиевтің жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында республикалық веложарыс аяқталды. Биыл сегізінш мәрте ұйымдастырылған жарысқа еліміздің 7 облысынан 21 команда, 100-ден аса спортшы қатысты.
Жарыста «Ең белсенді велошабандоз» номинациясымен Александр Сафаров (Алматы облысы), «Ең жас велошабандоз» - қызылордалық Аян Шектібаев, «Жеңіске деген ынтасы үшін» - Тимур Советханов (ШҚО) марапатталды.
Үш күнге созылған веложарыстың қорытындысы бойынша
Ұлдар арасындағы 4 шақырымдық жекелей жарыста I орынды Бекзот Магрипов (Жамбыл) иеленсе, II орын Ярослав Зинковскийге (Павлодар), III орын Оглы-Осман Кояга (Жамбыл) бұйырды.
Қыздар арасында осы қашықтықты ұйымдастырылған жарыс жеңімпазы қызылордалық Әсем Төлемісова болды. Екінші орынға Милана Чичева (Жамбыл) көтерілсе, үшінші жүлде иегері Елена Мандракова (ШҚО).
Ұлдар арасында 60 шақырымдық жарыс жеңімпаздары: I орын Максим Попугаев (Алматы қ.), II орын Бекзат Магрипов (Жамбыл), III орын Ярослав Зинковский (Павлодар).
Қыздар арасындағы қырық шақырымдық топтық жарыс: I орын Милана Чичева (Жамбыл), II орын Ақтолқын Әбдіжаппар (Қызылорда), III орын Аружан Ғалымжанқызы (Қызылорда).
Ұлдар. 25 шақырымдық критериум: I орын Оглы-Осман Коя (Жамбыл), II орын Максим Попугаев (Алматы қ.), III орын Ярослав Зинковский (Павлодар).
Қыздар. 15 шақырымдық критериум: I орын Ақтолқын Әбдіжаппар (Қызылорда), II орын Елена Мандракова (ШҚО), III орын Милана Чичева (Жамбыл).
Ұлдар арасындағы жалпыкомандалық есепте бірінші орын Жамбыл облысы спортшыларына, екінші және үшінші орын Алматы қаласы мен Павлодар велошабандоздарына бұйырды.
Қыздар арасында өткен жарыстарда жалпыкомандалық есепте I орын иегері Қызылорда облысы командасы атанды. Екінші орынға Жамбыл облысы, үшінші орынға Шығыс Қазақстан облысы спортшылары шықты.