ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН КОМАНДАЛЫҚ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ
18-23 сәуір аралығында Қызылордада тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының ерлер арасында командалық чемпионаты өтті.
Оған еліміздің 8 облысынан тоғызқұмалақшылар шеберлік байқасып, ұлттық ойынды ұлықтады. Нәтижесінде командалық есепте Батыс Қазақстан облысының құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші – Қызылорда, үшінші орынды Павлодар облысының спортшылары иеленді.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар диплом, медаль, кубоктармен марапатталды.
Ұлттық құрама штаттар дирекциясының тоғызқұмалақтан бас жаттықтырушысы Айнұр Жақапбаеваның айтуынша, Қазақстан құрамасы 26 сәуір – 2 мамырда Түркияда өтетін халықаралық жарысқа және 5-12 мамырда Бішкекте болатын Орта Азия кубогына қатысады.