МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
«Мұз айдыны» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды. Биыл облыста үшінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының спортшылары қысқа және еркін бағдарламаларда жіктеу разрядтарына сәйкес элементтерді орындау бойынша өнер көрсетуде.
Облыста алғашқы мәрте «Көктем жұлдыздары» республикалық турнирі ел чемпионатымен қатар өтуде. Жарыстарға бес жастан он жас аралығындағы 100-ден аса мәнерлеп сырғанаушылар қатысуда.
Чемпионат пен турнирдің жеңімпаздары 21 сәуірде белгілі болады.