МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КӨКТЕМГІ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ

Оқушылар арасында дене тәрбиесі мен спортты дамытуды мақсат еткен шара жеңімпаздары облыстық білім басқармасының дипломдарымен, естелік кубоктармен марапатталды. Үздік ойын көрсеткендерге арнайы номинациялармен марапатталды. Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынға Қазалы ауданы оқушылары көтерілсе, екінші орынға Қызылорда қаласы командасы ие болды, үшінші орын Жаңақорған ауданы командасында.
Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерден жасақталған облыстың құрама командасы республикалық жарыстарға қатысады.
Адина МҰРАТОВА,
№3 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.
