ТЕҢ ОЙЫНДЫ ҚАНАҒАТ ТҰТТЫҚ

Матч алдында бірқатар марапаттаулар болды. Қазақстан кәсіби футбол лигасының спорттық директоры Павел Демян қызылордалықтарға номинациялар тапсырды. Өткен жылғы бірінші лигадағы үздік жаттықтырушы болып Сұлтан Әбілдаев танылды. Ал осы жылы Премьер-лигада «Наурыз айының үздік жаттықтырушысы» Стойчо Младеновке бұйырды. Команда капитаны Мақсат Байжанов болса үздік ойыншы.
Осыдан кейін басталған матч тең аяқталды. Екінші таймда жартылай қорғаушы Думан Нәрзілдаевтың қателігін «Ертіс» сапындағы португал легионері Родриго Антонио до Нассименто жақсы пайдаланды. Үш минуттан кейін «Қайсар» шабуылы дәл осы Думаннан бастау алды. Оның баспен шығарған добын іліп алған Мақсат допты Саиди Нтибазонкизенің алдына салып берді. Бурундилік легионер ол допты әдемі голға айналдырды.
Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында қонақтар жаттықтырушысы Димитар Димитров біздің стадион алаңына көңілі толмайтынын жасырмай айтып салды. Ал Стойчо Младенов мықты командаға қарсы әдемі ойын өрнегін көрсеткенімізді айтты.
19 сәуірде қос команда тағы кездеседі. Қазақстан кубогының 1/8 финалы аясында болатын ойын Павлодарда өтеді.
Ал 23 сәуірде VIII тур ойындары шеңберінде «Ақжайық» — «Қайсар», «Ақтөбе» — «Шахтер», «Атырау» — «Оқжетпес», «Астана» — «Тараз», «Ертіс» — «Қайрат» және «Ордабасы» — «Тобыл» командалары кездеседі.
Жетінші турдағы басқа матч нәтижелері: «Тараз» — «Ақжайық» 0:0, «Шахтер» — «Тобыл» 1:1, «Оқжетпес» — «Астана» 0:3, «Қайрат» — «Ордабасы» 3:0.
23 сәуірдегі командалар көрсеткіші | |||||||
орын | команда | ойын | Ұ | т | ж | д | ұп |
1 | Астана | 7 | 5 | 1 | 1 | 13-6 | 16 |
2 | Ертіс | 8 | 4 | 3 | 1 | 14-9 | 15 |
3 | Қайрат | 8 | 3 | 5 | 0 | 14-7 | 14 |
4 | Ордабасы | 8 | 4 | 1 | 3 | 9-8 | 13 |
5 | Тобыл | 8 | 3 | 4 | 1 | 8-4 | 13 |
6 | ҚАЙСАР | 7 | 3 | 3 | 1 | 6-4 | 12 |
7 | Ақжайық | 7 | 1 | 4 | 2 | 9-10 | 7 |
8 | Тараз | 7 | 1 | 3 | 3 | 5-9 | 6 |
9 | Ақтөбе | 6 | 1 | 2 | 3 | 4-7 | 5 |
10 | Оқжетпес | 7 | 1 | 2 | 4 | 5-11 | 5 |
11 | Шахтёр | 7 | 0 | 3 | 4 | 7-14 | 3 |
12 | Атырау | 6 | 0 | 3 | 3 | 6-11 | -6* |
* "Атырау" ФК-дан 9 ұпай алынып тасталды |



