АСЫЛЖАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ!
Бангкокта ауыр атлетикадан 17 жасқа дейін жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында жерлесіміз Асылжан Бектай қола жүлдені еншіледі.
Ол 77 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жұлқа көтеруде 140, серпе көтеруде 166 келіні көтеріп, қоссайыста 306 келіні бағындырды.
Асылжан 2000 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. 7 сыныптан бастап ауыр атлетика секциясына қатысты. Жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты мен кубогының жүлдегері. Ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері. Бапкері – Қалдыбай Тоқбаев.
Жас спортшының енді Шымкентте өтетін ҚР Жастар спорт ойындарына қатысып, Катмандуда (Непал) болатын Азия чемпионатына дайындалады.