ОҚО ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАРЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
6-10 сәуір аралығында Қызылордада Қазақстан Республикасының 4-ші жастар спорт ойындары бағдарламасы бойынша тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Оған Астана, Алматы қалалары мен 13 облыстан 100-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс швейцар жүйесі бойынша классика түрінен 7 турда өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші тақтадан Асылхан Қожанәсіп (Қарағанды), 2-тақта – Жарасқан Сағынбаев (БҚО), 3-тақта – Саят Жандарбек (ОҚО) 4-тақта – Анастасия Фоос (Павлодар), 5-тақта – Ақсана Жұмабаева (Маңғыстау), 6-тақта – Лина Каримова (ОҚО) жеңімпаз атанды.
Жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ОҚО спортшылары шықты.