«ҚАЙСАР» «ТОБЫЛМЕН» КЕЗДЕСЕДІ
Ескерту: Аршавин 23, Арзо Ампоста 82 – Граф 5, Николич 46, Аржанов 55, Камара 74.
«Қайрат»: Плотников, Маркович, Исаэль, Аршавин (Иличевич 46), Гоу, Арзо Ампоста, Элек (Анене 89), Сүйімбаев, Қуат, Қуантаев, Исламхан (к) (Жуков 46)
«Қайсар»: Исламкулов, Аржанов, Граф, Камара, Курьор (Нтибазонкиза 71), Ламанж, Николич, Әмірсейітов, Байжанов (к), Евстигнеев, Нәрзілдаев (Коробкин 78).
Төрешілер: Тевяшов, Дерцапф (екеуі де Оралдан), Лабашов (Атырау).
31 наурыз. Алматы. Орталық стадион. 14 000 көрермен.
Биылғы біріншіліктегі фавориттердің бірі Алматының «Қайратымен» тең ойнаған «Қайсар» қазір шымкенттік «Ордабасымен» бірге көш бастап келеді.
Стойчо Младенов басқаратын клуб ойыншылары үшін Алматыдағы матч өте маңызды кездесулердің бірі еді. Сондықтан да біздің ойыншылар бірінші таймның басында Жерар Гоу соққан голдың қарымтасын қайтаруға тырысып-ақ бақты. Көп ұзамай оның реті келді де, 35 минутта «Қайсардың» капитаны Мақсат Байжанов есепті теңестірді.
Ал 8 сәуір, сенбі күні «Қайсар» Қостанайдың «Тобылын» қабылдайды.
Төртінші турдағы өзге ойындар нәтижесі мынадай болды: «Ордабасы» — «Оқжетпес» 2:1, «Ертіс» — «Ақтөбе» 1:3, «Тобыл» — «Тараз» 1:0, «Шахтер» — «Астана» 1:2, «Ақжайық» — «Атырау» 2:2.
Бомбардирлер: Алексей Щёткин («Тобыл») – 3 гол… Владимир Аржанов – 2, Саиди Нтибазонкиза, Мақсат Байжанов, Стефан Николич (бәрі «Қайсардан») – 1.