АЛҒАШҚЫ ОЛИМПИАДА ЖОЛДАМАСЫН ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ЖЕҢІП АЛДЫ
Финляндияда мәнерлеп сырғанаудан өткен әлем чемпионатында жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаева табысты өнер көрсетіп, 2018 жылы Пхенчханда (Оңтүстік Корея) өтетін қысқы Олимпиадаға жолдама алды. Бұл туралы облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Элизабеттің арқасында Қазақстан құрамасы тағы бір жолдамаға ие болды. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер арасында жеке өнер көрсетуден Олимпиадаға қатыспаған болатын.
Әйелдер арасында Қазақстаннан жалғыз өнер көрсеткен Элизабет қос бағдарламада 191, 99 ұпай жинап, жеке рекордын орнатты.