СЫР СПОРТШЫЛАРЫ БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӨТКЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 1-ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
Петропавл қаласында белбеу күресінен 2002-2004 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен ел чемпионатында қызылордалық спортшылар жалпыкомандалық есепте 1-орынды (6 алтын, 6 күміс, 5 қола) жеңіп алды. Бұл туралы спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Жарыста Шиелі, Жаңақорған ауданы, Қызылорда қаласы спортшылары жақсы өнер көрсетіп, команданың алға шығуына өз үлестерін қосты. Атап айтсақ, Алтынбек Өмірәлі (38 келі), Перизат Әлібек (40 келі), Нұртілеу Анарбай (50 келі), Жансая Сайдуллаева (+57 келі) Қайсар Төлен (60 келі), Диас Мажитов (65 келі) Қазақстан жеңімпазы атанса, Нұрғали Омар (42 келі), Сәния Сейілханова (44 келі), Нұрберген Ерғали (46 келі), Аслан Әбсаттар (50 келі), Асұлан Әділхан (60 келі), Бақдәулет Аманкелдіұлы (71 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді.
Зарина Серікқали (36 келі), Айберген Маукенбай (46 келі), Бердібек Әмірбек (55 келі), Қуаныш Әседулла (71 келі), Шерхан Оразқұл (77 келі) қола жүлдені еншіледі.
Спортшыларды жарысқа белбеу күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Әбдісаттар Садықов дайындады.