ҚЫЗЫЛОРДА ДЗЮДОШЫЛАРЫ БИІКТЕН КӨРІНДІ
24-26 наурыз аралығында Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылында «Абзал и К» жүлдесі үшін дзюдодан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында республикалық турнир өтті. Оған Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің он бір облысынан 36 команда, 550 спортшы қатысты.
Жарыстың салтанатты ашылуында ҚР дзюдо федерациясы президентінің міндетін атқарушы Марат Мықтыбеков пен Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Параламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Ералиев сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың алғашқы күнінде командалық жарыс өткізіліп, жеңімпаздар анықталды. Нәтижесінде қыздар арасында бірінші орынды Қызылорда, екінші орынды Ақтөбе облыстары, үшінші орынды Тараз қаласының құрамалары ие болды.
Ұлдар арасында Қызылорда облысының спортшылары жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені – Тараз қаласы, қола жүлдені - Алматы облысының спортшылары еншіледі.
Жекелей есеп бойынша турнир жеңімпаздары:
32 келі: Эленора Анарбек (БҚО)
34 келі: Дулат Құрмантай (ОҚО)
36 келі: Аружан Балтабай (ОҚО)
38 келі: Нұрдәулет Смедиев (Қызылорда)
40 келі: Құндыз Жылқыбай (Қызылорда)
42 келі: Нұрқанат Серікбаев (Жамбыл)
44 келі: Аяулым Қуанышова (Жамбыл)
46 келі: Азамат Тахир (Қызылорда)
48 келі: Наргиз Войсова (Қызылорда)
50 келі: Ерлан Советхан (Алматы обл)
52 келі: Аружан Адасхан (Жамбыл)
55 келі: Махамбет Рахмет (Атырау)
57 келі: Маржан Каналиева (Маңғыстау)
60 келі: Дәулет Қайратұлы (Жамбыл)
63 келі: Асылжан Орынбасарова (Жамбыл)
+63 келі: Минар Ілежан (Алматы обл.)
66 келі: Серікбол Естай (ШҚО)
+66 келі: Мухамадкодир Мансуров (Өзбекстан)