БАТЫРЖАН ШАЛҒЫНБАЕВ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ
25-26 наурыз күндері Қызылорда қаласында жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан республикалық турнир өтті.
Биыл 21-ші мәрте ұйымдастырылған турнирге Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 24 команда қатысып, доп додасын қыздырды.
Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Ақтаудың «Ынта» командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орынды қызылорданың «Ақ барыс», үшінші орынды «Зенит», төртінші орынды «Олимп» командалары иеленді.
Жарыста «Зенит» командасының ойыншысы Талғат Сыздықов «Үздік қорғаушы» атанса, «Үздік қақпашы» – Рауан Атантоев («Олимп»), «Үздік шабуылшы» - Алмас Бекен («Ақ барыс») мен Бекжан Дәулетов («Ынта»), «Үздік ойыншы» - Ұлан Жақсылықов («Ынта»), «Үздік төреші» - Серік Қалиев (Тараз қ.) аталымы бойынша марапатталды.
Турнирдің жеңімпаз және жүлдегер командаларына ақшалай сыйлықтар, кубок, алғыс хаттар табысталды.