СЫР СПОРТЫНЫҢ САҢЛАҒЫ ЕДІ
Құрығы ұзын ажал тағы бір қимас жанды ортамыздан алып кетті. Өткен сенбіде жетпіс тоғыз жасында волейбол алаңындағы ерек ойынын жанкүйерлері жоғары бағалаған Алтынбеков Тұрғанбек Ержанұлы дүниеден озды.
Ол 1938 жылы 6 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы,Түркістан ауданы, Игілік ауылында дүниеге келген. Бабайқорғандағы Никитин мектебінде білім алған.
Орта мектептен кейін Қызылорда педагогикалық институты физика- математика факультеті студенті атанған бозбала дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы Алексей Бирюковтің назарына ілігіпті. Волейбол әліппесін Алексей Ильичтен үйренген жастың спорттағы жолы сәтті жалғасты. КСРО, Еуропа, әлем чемпиондарын баулыған әйгілі Октябрь Жарылғаповтың өзі Тұрғанбек Ержанұлының ойынын жоғары бағалап, волейбол добын сыйға тартқаны осы сөзіміздің дәлелі болса керек.
Студент кезінде волейболдан облыс құрамасы сапында ойнаған Тұрғанбек Ержанұлы 1959 жылдан бастап облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып жұмыс жасады.
Қазақ волейболы Одақ аренасында алғаш рет 1950 жылдардың ортасында көрініп, спорттың осы түрі 60-70 жылдары қатты дамыды. Әсіресе, 1957 жылы құрылған «Буревестник» командасы ел біріншіліктері мен халықаралық ареналарда жасындай жарқылдады. Екі дүркін Еуропа чемпиондары Кубогын жеңіп алып, 1 рет КСРО чемпионы атанған спорттық ұжым қатарында Алтынбек Ержанұлы да ойнап еді.
1962 жылы институтты тәмамдап, Қызылорда медициналық училищесінде дене шынықтыру, математика, физика пәндерінен оқытушысы, 1979-1988 жылдары Қызылорда темір жол техникумында директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет істеген Тұрғанбек Алтынбеков ең алдымен ұжымда спорт саласын дамытуға ден қойды.
1988-1990 жылдары облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде директоры, 1990-98 жылдары қалалық спорт комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Сыр спортының, оның ішінде волейболдың дамуына негіз салған азаматтың еңбегі де елеусіз қалған жоқ. Ол «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атанып, бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің, салалық министрлік грамотоларымен марапатталды.
Үлкен істі үндемей тындыратын Тұрғанбек Ержанұлы өзінің қарапайым, кішіпейіл мінезімен көп көңілінен орын тапқан азамат еді. Ол шын мәнінде Сыр бастауында тұрды. Ең алғаш алаңға «Динамо» клубының жейдесін киіп шыққан оны жанкүйерлері «Динамо» деп атап кеткен еді. Сол «Динамоның» дүниеден озуымен Сыр спортының тұтас бір дәуірі аяқталды.