«ҚАЙСАР» КӨШ БАСТАДЫ!
«Қайсар» – «Тараз» 2:1 (1:1). Голдар: Мухаметшин 15 (0:1), Аржанов 34 (1:1), Нтибазонкиза 71 (2:1).
Ескерту: Горбанец 31.
Ойынның 80 минутында екінші ескерту алған Горбанец алаңнаң қуылды.
«ҚАЙСАР»: Исламқұлов, Аржанов, Граф, Камара (Нтибазонкиза 60), Курьор (Мулдаров 90), Ламандж, Николич, Әмірсейітов, Байжанов (к) (Сақалбаев 85), Евстигнеев, Нәрзілдаев
Резерв: Цирин, Алтаев, Алтынбеков, Горячий, Көкеев, Чуреев.
«ТАРАЗ»: Бабаханов, Диара, Фещук, Мухаметшин (Морис 61), Шипицин, Горбанец, Кургулин (к), Әмірханов, Молтусынсов, Таубай (Азовский 53), Қожамберді.
Резерв: Логиновский, Кеңесбек, Шадманов, Зайнутдинов, Нұралы, Байжанов, Қарпық.
СУДЬЯЛАР: Московченко (Павлодар), Шарипов, Калачев (Екеуі де Атыраудан).
12 наурыз. Қызылорда. Стадион «Локомотив». 3 500 көрермен.
Кеше футболдан ҚР Премьер-лигасы командалары арасында өткен XXVI чемпионатының екінші турында Қызылорданың «Қайсары» «Тараз» командасын қабылдап 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Ойын алдында «Қайсар» ардагерлеріне команда жейдесін тапсыру рәсімі өтті. Команда капитаны Мақсат Байжанов №4 футболканы өмірден озған ардагер ойыншы Әбіл Қалымбетовтің жесірі Дана Саймағамбетқызына табыстады.
Спортта жеңіске жеткен құрамды ауыстырмайтын дәстүр бар. Осыған сүйенген Стойчо Младенов алаңға өткен ойында «Оқжетпесті» ұтқан құрамды шығарды.
Сырға қонақ ретінде келген «Тараз» командасының Премьер-лигада ойнайтыны өткен айда ғана белгілі болған еді. Жоғарғы топта «Алтай» командасының орнын басқан ұжым алғашқы минуттарда-ақ жүйелі ойын көрсетті. Есепті белгілі бапкер Ваит Талгаев жаттықтыратын «Тараз» ойыншылары ашты. Андрей Горбанецтің алыстан бағыттаған добын Руслан Мухаметшин баспен қақпаға дәл бағыттады.
Оййнның 34-минутында есеп теңесті. Матиаса Курьордың соққысын қайтарған қонақтар қақпашысы Джурахон Бабаханов Аржановтың қайыра соққан добына еш айла жасай алмады. Есеп 1:1.
Екінші таймда «Қайсардың» басымдығы анық байқалды. 71-минутта отыз метр жерден тепкен Бурунди Саиджи Нтибазонкизенің добы голға айналды.
Сонымен, 6 ұпай жинаған «Қайсар» чемпионатта көш бастап тұр. Келесі екі ойынды біздің команда сыртта өткізеді: 18 наурызда Қарағандыда жергілікті «Шахтермен», ал 31 наурызда Алматыда «Қайрат» командасымен кездеседі.
2-турдағы қалған ойындар көрсеткіші
Тобыл – Ақтөбе 0:0
Ертіс – Астана 1:1. Голы: Мужиков 14 (0:1), Ткачук 30 (1:1)
Ордабасы – Атырау 1:1 (0:0)
Ақжайык – Шахтер 3:1 (2:0)
Қайрат – Оқжетпес 2:2 (1:1)
Голдар: Козлов 19 (0:1), Маркович 34 (1:1), Аршавин 83 (2:1), Волков пенальтиден 90+4 (2:2).